Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Doosan Enerbility компаниясының атқарушы вице-президенті Чон Гван Кимнің кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың ықтимал перспективалары талқыланды.
Атап айтқанда, Doosan Enerbility компаниясы Қазақстандағы энергетикалық мәселелерді экологиялық таза технологиялар арқылы шешудің нұсқаларын ұсынды. Компанияның стансалар салуда және озық технологиялар мен жабдықтарды қолдануда үлкен тәжірибесі бар екені айтылды.