Роман Скляр Астанада салынып жатқан нысандарды аралап шықты

4 Ақпан 2024, 11:06
535
Бөлісу:
Роман Скляр Астанада салынып жатқан нысандарды аралап шықты
Фото: primeminister.kz

Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және мәслихат төрағасы Маслан Каналимов құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан бірқатар спорт нысанын аралады.

Олар аралаған бірінші нысан құрылысы жүріп жатқан Ұлттық спорт университеті болды, оны 2025 жылы аяқтау жоспарланған. ЖОО-ны іске қосу кадрларды даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге де ықпал ететін болады.

Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында спорт нысандарына барды.

Сондай-ақ Премьер-министрдің бірінші орынбасарын спорт нысандарының инфрақұрылымын дайындау, кірме жолдарды қамтамасыз ететін негізгі магистральдарды жөндеу және іс-шаралар өткізілетін аумақтарды абаттандыру жұмыстары туралы хабардар етті.

Бұған «Қазанат» ипподромын, оған кіреберіс жолды кеңейту, трибуналарды күрделі жөндеу, ат қоралар салу, көкпар алаңдары және т.б. кіреді. Сондай-ақ «Астана-Арена», «Алау» және «Барыс Арена» мұз сарайларының іргелес аумақтарын кешенді абаттандыру жұмысы тексерілді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ҚР Ұлттық мұражайы, Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Думан» қонақ үйі және «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешені аумағында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы