Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Испанияда өтіп жатқан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті.
Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, турнир барысында Ризабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.