Олимпиадада 4-орын алған спортшы жүлде сомасын төлеуді талап етуде

25 Тамыз 2021, 18:50
3710
Бөлісу:
Олимпиадада 4-орын алған спортшы жүлде сомасын төлеуді талап етуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еске салсақ, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Денис 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 4-орын алды. Дәл осындай нәтижені румындық спортшы Габриэль Сынкрэян көрсетті. Соңғысы Дениске қарағанда салмағы жеңіл болғандықтан, оған 3-орын, ал Улановқа 4-орын берілді. Алайда біраз уақыттан кейін Сынкрэян допинг қолданғаны үшін шеттетіліп, оның қола медалі ресми түрде біздің спортшыға берілді.

ҚР Ауыр атлетика федерациясы 2016 жылғы Олимпиадада үшінші орын алғаны үшін біздің ауыр атлет Денис Улановқа ақшалай көтермелеу төлемдерін қайта бөлу үшін ведомствоаралық комиссия құру туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің шешімін құптайды.

Денис Уланов 2018 жылдың қараша айында Ашхабадта өткен әлем чемпионатында алған марапатын алды.

Бүгінгі таңда Денис Уланов Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалған жүлде сомасын төлеу туралы өтінішпен жүгінді.

Біз спортшымыздың, орындардың қайта бөлінуін ескере отырып, жүлде төлемдеріндегі айырмашылықты алуға деген заңды ниетін толығымен қолдаймыз, сонымен қатар бұл оқшауланған жағдай емес, қайта бөлу нәтижесінде жоғары орындарды алған басқа атлеттерде де осындай жағдайға тап болды. Қажет болған жағдайда біз атлеттің спорттық нәтижелерін растайтын барлық құжатты ұсынамыз. Біз жедел шешім күтеміз, - деді ҚР ААФ атқарушы директоры Алдияр Нұралинов.

Өзгелердің жаңалығы