Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Рингтен тыс күш қолданбаймын": Сәпиев орынбасарымен жанжалға қатысты пікір білдірді

Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басшысы Серік Сәпиев Instagram-дағы парақшасында орынбасары Даурен Есімхановпен болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты келесіні атап өткім келеді. Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен банкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандтаушылықтарға ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі, - деп жазды Сәпиев.

"Рингтен тыс күш қолданбаймын": Сәпиев орынбасарымен жанжалға қатысты пікір білдірді

Бұған дейін полиция соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Алайда оқиғаның мән-жайы мен себептері әзірге жария етілген жоқ.

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қатысқан төбелестің видеосы желіде тарады.

Өзгелердің жаңалығы