Рим папасы Францискті ақтық сапарға шығару рәсімі үшін Римдегі Әулие Петр базиликасында әлем көшбасшылары жиналған еді. Жаназаға қара емес, көк түсті костюммен келген АҚШ Президенті Дональд Трамп сынға қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ndtv.com сайтына сілтеме жасап.
Трамп жерлеу рәсімінің киім кодексінен ауытқып, қою көк костюм мен ашық көгілдір галстук киіп келген. Ол сондай-ақ рәсімнен кейінгі жерлеуден шығып кетіп, ақтық сапарға ғана қатысқан.
Ватиканның ресми нұсқаулығына сәйкес, мұндай салтанатты шараға келген ер адамдар қою түсті костюм мен қара галстук, сондай-ақ қара түсті жапсырма тағуы тиіс. Әйелдерден ұзын қара көйлек, қара орамал және қолғап киіп, әшекейден аулақ болу талап етіледі.
Осы тұста АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Ватикан этикасы бойынша ұзын қара көйлек пен қара орамалмен келгенін айта кетейік.
Бұрынғы АҚШ президенті Джо Байден мен Ұлыбритания ханзадасы Уильям да қою көк түсті костюм киген, алайда олардың үлгісі Трампқа қарағанда дәстүрлі болды.
Украина президенті Владимир Зеленский галстуктен бас тартып, қара костюммен ғана келген. Ол да ақпан айындағы Ақ үйге сапарында костюм кимегені үшін сынға қалған еді. Зеленский содан кейін “Ресей Украинаға шабуылын доғарғанға дейін ресми костюм кимеймін” деп жауап берген болатын.
Ватикан шенеуніктерінің Францисктің жерлеу рәсіміне арналған киім кодексіне сәйкес, ер кісілер қою түсті костюм мен ұзын қара галстук тағуы тиіс. Трамп көгілдір түсті кигені – айтарлықтай ауытқу, - деп жазды саяси сарапшы Молли Плуффкинс X (Twitter) желісінде.
Саяси стратег Джои Маннарино пікірінше, Трамп керемет образ жасап тұр. "Америка осындай имидж көрсетуі керек" деп мақтаған.
Папа жерлеуіне арналған киім кодексінде "қою костюм" делінген. Қою көк костюм мен галстук — қою саналады және Трампқа жақсы келді. Ол сергек, 20 жасқа жасарып кеткендей. Уильям ханзада мен Король Абдалла да қою көк түсті киген. Сіздер оны Обаманың қоңыр костюмін еске түсіргендей қылып көрсетіп жатырсыздар. Егер оған тағылған ең үлкен сын – костюмнің түсі болып, ол сізге ұнамаса (жалаң нәсілшілдік), онда мәселе сіздерде, - деп жазды ол.
Францисктің жерлеуі Әулие Петр алаңында өтті, оған дүниежүзінен 250 мыңға жуық адамасы келіп қатысты. Салтанатты рәсімді Кардинал Джованни Баттиста Ре басқарды. Рәсімнен кейін Папаның ағаш табыты дәстүрлі шерумен Рим көшелерінен өткізілді. Франциск Әулие Мәриям базиликасында жерленді, бұл ол үшін мәні ерекше орын еді.