2025 жылғы 18 мамыр күні Ватиканда Рим Папасы Лев XIV понтификатының инаугурациялық месса рәсімі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Салтты рәсімнің алдында Лев XIV төебесі ашық көлікпен Әулие Петр алаңымен және Кончилиационе көшесімен жүріп өтті.
Рим билігінің алдын ала есептеулері бойынша, алаңға жиналған туристер мен жергілікті тұрғындардың саны 250 мың адамға дейін жетуі мүмкін.
Сондай-ақ алаңда 150-ден астам делегация өкілдері қатысуда. Ең ірілері – Италия делегациясы, Перу делегациясы (Лев XIV бұл елде ұзақ жылдар бойы миссионерлік қызмет атқарып, азаматтық алған) және өзінің туған елі – АҚШ-тан келген делегация.