Рим Папасы бір дегеннен қазақтың қасиетті домбырасы туралы айтты. Бұл туралы Сенатор Нұртөре Жүсіп жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Домбыра - қаттылық пен жұмсақтық үйлесімі. Домбыраның екі ішегі - ежелгі заман мен осы заманның сырын шертеді! Домбыраның үні - қайшыласқан әлемнің - жауыздық пен мейірім, соғыс пен бейбітшілік, сүреңсіздік пен сұлулық арасын жалғайтын үйлесім деген мазмұнда керемет сөз айтты. Қазақ халқының осынау жалпақ дала мен жалпақ жаһандағы өмірсүйгіш қасиетін айту үшін киелі аспап тіл ұшына оралды деп жиналған жұртты бір серпілтіп тастады. Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра деген Қадыр ақынның сөзі әлемдік тұлғаның аузынан қайта жаңғырып естілгенде ерекше күй кешеді екенсің, -деп жазды депутат Нұртөре Жүсіп.