Риэлтор клиенттің 6 миллионға жуық қаражатын иемденіп алған – ШҚО

12 Маусым 2022, 03:40
1283
Бөлісу:
Риэлтор клиенттің 6 миллионға жуық қаражатын иемденіп алған – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының 53 жастағы тұрғыны 6 млн-ға жуық ақшасынан айырылып қалдым деп, көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды Аltaynews.kz

Оның айтуынша, өзін риэлтормын деп таныстырған тұрғын зардап шегушінің 5 900 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 32 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Жедел уәкілдер 2020 жылдың 9 қарашасында өзін риэлтор деп таныстырған қаскөй, барлық құжаттарды көрсетіп, жәбірленушінің сеніміне кіріп, баспана сатып алуға көмектесемін деп уәде бергені анықтады. Алайда, келісімшартқа қол қойып, қомақты қаржы қолына түсісімен ол қоңырауларға жауап беруді де қойған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қаскөйге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы