Риддерде тағы екі мектеп салынады

15 Желтоқсан 2023, 01:25
519
Бөлісу:
Риддерде тағы екі мектеп салынады
Фото: baq.kz

Алдағы уақытта Риддерде тағы екі мектептің құрылысы басталмақ. Бұл туралы аймақтық коммуникациялық қызметінде өткен брифинг барысында Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетейік, ағымдағы жылы кеншілер шаһарында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталған болатын. Аталмыш жобаның құны төрт миллиард 413 миллион теңгені құрап отыр. Оның 1,7 миллиард теңгесі биыл бөлінген.

Жаңа мектепті 2024 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, қаламызда тағы екі жаңа мектеп салуды көздеудеміз. Оның бірі Мичурин көшесінде орналасып, 300 орынға шақталған болса, екінші білім ордасы бесінші шағын ауданда бой көтермек. Бұл мектептің сиымдылығы 600 орынды құрайды. Қазір жер учаскелерін рәсімдеу мәселелерін реттеудеміз, – деді Д.Батырбаев.

Сондай-ақ, қала әкімі бүгінде Риддерде үш пен алты жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтылуы 100 пайызды құрайтынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы