Риддерде банктен несие алып шыққан адамды тонап кетті

7 Қараша 2020, 05:17
2057
Бөлісу:
Риддерде банктен несие алып шыққан адамды тонап кетті
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл іске қатысты қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Алтайньюс.

ШҚО полиция департаментінің мәлімдеуінше, зейнет жасындағы қала тұрғыны екінші деңгейлі банк бөлімшесіне барып, несие алған. Мұны байқап тұрған 33 жастағы азамат банктен шыға сала, зейнеткердің соңына түскен.

Күдікті үйдің қоршауынан секіріп түсіп, аулаға заңсыз кірген. Осыдан кейін зейнеткерге зорлық-зомбылық көрсетіп, 65 000 теңгесін ұрлап, қылмыс жасалған жерден бой тасалаған, – деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Тергеу жалғасып жатыр.


Өзгелердің жаңалығы