РФ СІМ Лавровқа "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы" медалі табысталды

31 Тамыз 2019, 09:45
1460
Бөлісу:
РФ СІМ Лавровқа "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы" медалі табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Бұл туралы елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.

"Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, атап айтқанда ең жоғары және жоғары деңгейлердегі өзара сапарлардың кестесін, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму барысын, сондай-ақ көпжақты құрылымдардағы өзара іс-қимылды, ТМД елдеріндегі және Орталық Азия аймағындағы ахуалды талқылады" - делінген хабарламада.

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан-Ресей қатынастарының дамуы мен нығаюына қосқан үлесі үшін Сергей Лавровқа "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы" мерейтойлық медалін табыстады.
Өз кезегінде, РФ СІМ басшысы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай өз құттықтауы мен жылы тілектерін білдірді.

Дипломаттар тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты. Әңгіме екі ел қатынастары үшін дәстүрлі достық және сенімділік жағдайында өтті.

Өзгелердің жаңалығы