Резервтегі офицерлер елордада өтетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылды

23 Тамыз 2019, 09:25
2403
Бөлісу:
Резервтегі офицерлер елордада өтетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент 10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласының әскери оқу мекемелеріне запастағы 87 офицер шақырылатын болады. 

Аталған іс-шара жұмылдыру ресурстарын даярлау және қайта даярлау, далалық дағдыны және іс-қимылдар үйлесімдігін арттыру мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, жиындардың басты міндеті - жауынгерлік үйлесімділік іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша офицерлердің білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, қойылған міндеттерді орындау барысында бөлімшелерді басқаруды ұйымдастыру. 

40 жасқа дейінгі, денсаулығы әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер әскери оқу жиындарынан өтуге шақырылады. 

Әскери оқу жиындарын өту кезінде ҚР заңнамасына сәйкес жиынға қатысушылардың жұмыс орны сақталып, Қорғаныс министрлігімен қарастырылған орташа еңбек ақысы төленеді. Әскери оқу жиындарының бағдарламасын сәтті меңгерген запастағы офицерлерге кезекті әскери атақтары беріледі. 

"Әскери оқу жиындарын өту кезінде әскерилер жалпы әскери нормаларға сәйкес әскери киіммен, азық-түлікпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. Барлық сұрақ бойынша келесі телефондар арқылы хабарласа аласыздар: 1) Алматы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы – Иманбаев к-сі, 16, тел.49-64-34, 2) Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы – Әуезов к-сі, 5 а, тел.48-20-31, 3) Сарыарқа ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы – Әуезов к-сі, 5а, тел.32-80-79", - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы