Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дайындалған жұмылдыру резервінің болуы Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілеті мен жауынгерлік әзірлігіндегі көрсеткіштердің бірі.
Резервтегі әскери қызметті енгізу бейбіт уақытта армия санын көбейтпей-ақ қосымша оқытылған дайындалған әскери қызметшілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Осы қызмет түрінің ерекшеліктер жөнінде Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілі подполковник Бейбіт Сүлейменов айтып берді.
- Жалпы резервтегі қызмет не үшін қажет?
Шет мемлекеттің резервтегі қызмет тәжірибесі Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын және ұтқырлығын арттырады. Резервтегі қызмет енгізу әскерлерді адам ресустарымен кепілді жасақтау үшін сонымен қатар жауынгерлік әзірленген күштерді дайындау, сонымен қатар әскери бөлімдерді өрістету мерзімін қысқартады. Жалпы резервтегі қызмет Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын нығайтады.
- Заң қабылданса резевтегілермен жиын өткізу мерзімі қай кезде жоспарланбақ, сол туралы айтып берсеңіз?
Заң қабылданғаннан кейін резевтегілермен үш жыл мерзімге келісімшарт жасалады. Ол жыл сайын алпыс күн ішінде әр резевтегімен дайындық өтеді. Оның ішінде отыз күн әскери жиындар болады және ай сайын екі-үш күндік жауынгерлік бойынша сабақтар өткізіледі.
- Резервтегілерге жұмсауға бюджеттен қарастырылған шығыстар қандай?
Резервтегілерді қамтамасыз ету үшін республикалық бюджет арқылы іске асыру ұсынылады. Әрине, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгерістер мен толықтыру енгізілгеннен кейін орындалатын болады. Ай сайын резертегілерге Қазақстан Республикасы бойынша ең төменгі айлық төлену жоспарлануда және де әскери жиындар өткізу кезінде жұмысы орны бар резевтегі ай сайынғы орташа айлық төлеу жоспарланған.
- Резервтегілер қызмет атқару үшін басқа қалаларға жіберіле ме?
Жоқ, олар басқа қалаларға қызмет атқаруға жіберілмейді. Себебі резервтегі қызмет ол аумақтық принцип бойынша іске асырылады. Яғни, олардың тұратын жері бойынша тартылады, себебі ол резевтегіге әскери бөлімге қысқа мерзімде жетуге мүмкіндік береді.
- Әскери міндетті азаматтар үшін резервтегі әскери қызметтің пайдасы қандай?
- Резервтегі қызметтің Қарулы Күштер мен азаматтар үшін бірқатар пайдасы бар. Азаматтарды алсақ, олар резервтегі қызметке кірген кезде олардың жұмыс орны және атқарып жатқан лауазымы сақталады. Әскери жиындарды өту кезінде және екі-үш күндік жауынгерлік сабақтар өту кезінде олар киім-кешек нысанымен және азық-түлік, тұратын жермен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, медициналық тұрғыда қамтамасыз етіледі. Әскери жиындарды өту кезінде, сол мерзім олардың жалпы еңбек өтіліне қосылады.