Президенттік жастар кадр резерві: бір орынға 24 үміткер

1 Қазан 2019, 16:45
3232
Бөлісу:
 Президенттік жастар кадр резерві: бір орынға 24 үміткер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді тіркеу кезеңі аяқталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Facebook-тегі парақшасына жазды. 

«Тіркелген 13 мыңнан астам отандастарымыздың 7 312-і қажетті құжаттарды жүктеп, белгіленген мерзімде тіркеуді сәтті аяқтады. Ол үшін 30 күн берілді. Резервке тек 300 үздік және барынша дайындалған жастар қабылданады. Осылайша, бір орынға 24 үміткерден келіп отыр. Тізімде еліміздің барлық өңірлерінің өкілдерімен қатар, шетелдегі қазақстандықтар бар. Үміткерлер арасында - жастар ұйымдарының көшбасшылары, үкіметтік емес, бизнес және квазимемлекеттік сектор өкілдері, алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері және қатардағы мемлекеттік қызметшілер», - деді ол.

Іріктелген үміткерлер вербалды және сандық болып екі блоктан құралатын іріктеудің екінші кезеңінен өтеді. 

«Олардың барлығы вербалды және сандық болып екі блоктан құралатын іріктеудің екінші кезеңі - тестілеуге қатыса алады. Бұл қатысушылардың күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Тестілер арнайы білімді бағаламайды, сондықтан теориялық материалдар бойынша алдын ала дайындықты талап етпейді. Қатысушылар тест және оның тексеруін Pkrezerv.kz онлайн-платформасы арқылы өтеді», - деп жазды Анар Жаилғанова. 

Үміткерлер тестілеуден 12 қазанда өте алады. 

Өзгелердің жаңалығы