Рейд. Түркістанда түнгі ойынханаларға тыйым болмай тұр

23 Қараша 2020, 20:20
3012
Бөлісу:
Рейд. Түркістанда түнгі ойынханаларға тыйым болмай тұр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мақсатында Жетісай ауданының полиция қызметкерлері жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізіп тұрады.  

Аталған міндеттерді іске асыру және ұйымдастыру  үшін аудандық полиция бөлімінде ювеналды полиция инспекторлары, жастар орталығының және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, жұмыс тобы құрылған. 

Рейд. Түркістанда түнгі ойынханаларға тыйым болмай тұр

Тәртіп сақшылары іс-шара барысында  басты назарды  профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына,  кәмелетке толмағандар арасында қаңғыбастық пен қадағалаусыз қалу, жасөспірімдердің түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүру жайттарын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату  жағдайларының жолын кесуге аударды. Полиция қызметкерлері саябақтар, көшелер мен алаңдар, кафелер, компьютерлік клубтар және жасөспірімдердің болуы мүмкін басқа да орындарды қарап шығып, біршама олқылықтарды айқындады. 

Рейд. Түркістанда түнгі ойынханаларға тыйым болмай тұр

Мысалы, Жетісай қаласының ойын-сауық орталықтарының бірінде полиция қызметкерлері мекемеде сағат 22.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз жүрген екі жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі "Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, жасөспірімдердің түнгі уақытта мекемеде болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру" бойынша ойынхана иесін әкімшілік жауапкершілікке тартып,  оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Рейд. Түркістанда түнгі ойынханаларға тыйым болмай тұр

Сонымен қатар, полицейлер ойынханадан медициналық бетпердесіз жүрген  бірқатар келушілерді анықтады. Жиналған материалдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу дерегі бойынша заңды шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді. 

Рейд. Түркістанда түнгі ойынханаларға тыйым болмай тұр

Жыл басынан Жетісай АПБ-нің  жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін 5 ойынхана иесін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. 

Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, профилактикалық бақылаудың мұндай түрі жасөспірімдерді, қиын отбасыларды уақтылы анықтауға және оларға жедел құқықтық,  басқа да көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді. 

Өзгелердің жаңалығы