Ревматологиялық қызметті жетілдіру назарға алынды

27 Қараша 2023, 04:22
385
Бөлісу:
Ревматологиялық қызметті жетілдіру назарға алынды
Фото: gov.kz

Ревматологиялық қызметті жетілдіру және өңірлерге ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс ревматологы Ғалымжан Тоғызбаев Ақтөбе өңіріне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында жергілікті ревматологиялық қызметтің жұмысына талдау жасалды, сондай-ақ Ақтөбе медициналық орталығының базасында өңірлік ревматологиялық орталықты ашу, гендік-инженерлік биологиялық терапияны жүргізу үшін ревмобейінді пациенттерді іріктеу мониторингі мәселелері және қызметтің басқа да өзекті мәселелері қаралды.

2023 жылдың басынан бастап Ақтөбе облысы бойынша тірек-қимыл жүйесі және дәнекер тінінің жүйелік аурулары бар 3538 пациент Д есепте тұр. Ревматологиялық аурулары бар пациенттер стационарлық көмекті АМО терапия бөлімшесінде алады, онда 26 төсек, оның ішінде 6 ревматологиялық төсек орналастырылған. Практикалық көмек көрсету шеңберінде пациенттерге консультация беру, "Ревматолог мектебі" және дөңгелек үстел өткізілді, штаттан тыс маман М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде болды.

Өзгелердің жаңалығы