Reuters: Ресей алғаш рет Үндістаннан теңіз арқылы бензин жеткізе бастады

Ресей әртүрлі елдерден ай сайын шамамен 400 мың тоннаға дейін бензин импорттауды жоспарлап отырғанын алға тартады.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 20:21
Бүгiн 2026, 20:21
250
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Ресей отын тапшылығына байланысты Үндістаннан теңіз арқылы бензин жеткізе бастады,деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Дереккөзінің мәліметінше, Үндістаннан қазірдің өзінде кемінде 60 мың тонна бензин жөнелтілген. Ресейге қарай әрқайсысы 30-дан 40 мың тоннаға дейін отын тасымалдайтын екі танкердің бағыт алғанын хабарланды.

Reuters сұхбаттасушылары сондай-ақ алдағы уақытта Ресей әртүрлі елдерден ай сайын шамамен 400 мың тоннаға дейін бензин импорттауды жоспарлап отырғанын алға тартады. Үндістаннан бөлек, қазірдің өзінде Беларусь те жеткізілімдерді жүзеге асыруда.

Бұл ретте Үндістан ресейлік мұнайдың ең ірі сатып алушыларының бірі болып қала береді. Маусым айында импорт тәулігіне рекордтық 2,7 миллион баррельге жетті. Бұл елдегі бүкіл мұнай импорты көлемінің жартысынан астамын құрайды.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украина ұшқышсыз ұшақтарының мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдары жекелеген аймақтарда отын тапшылығына әкеп соққанын мойындаған болатын. Оның айтуынша, билік жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдауда.

Кремль де Ресейдің басқа мемлекеттермен отын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. Бұған дейін Reuters Мәскеудің Қазақстанға шамамен 50 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізу туралы өтінішпен жүгінгенін хабарлаған еді.

Ресей нарығындағы жағдай аясында жанар-жағармай материалдарының 90%-дан астамын Ресейден импорттайтын Қырғызстан да баламалы жеткізушілерді іздей бастады. Республика билігі Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан және басқа да бірқатар елдермен отын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде.

Наверх