Реставрациядан кейін Алматыдағы Қонаевтың мұражай-үйі ашылды

20 Сәуір 2022, 05:25
1770
Бөлісу:
Реставрациядан кейін Алматыдағы Қонаевтың мұражай-үйі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет қайраткерінің 110 жылдығын мерекелеу құрметіне мұражайдың ашылуы өтті. Шараға қала басшысы Ерболат Досаев қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Реставрация және реэкспозиция процесіне мұражай және мұрағат ісі саласындағы жетекші мамандар, дизайнерлер, мүсіншілер, суретшілер, бейнеинженерлер және т.б. тартылды. 

Реэскпозиция Қонаевтың «Сталиннен Горбачевке дейін» кітабына сәйкес жүргізілді, онда саясаткердің ел өміріндегі маңызды тарихи оқиғаларға деген жеке көзқарасы суреттелген. Жұмыс барысында барлық экспонаттар, соның ішінде Дінмұхамед Қонаевтың жеке заттары бұрынғы қалпында сақталды.

Мұражай заманауи цифрлық және мультимедиялық технологиялармен жабдықталған, келушілер енді аудио нұсқаулықтарды қолдана алады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға ыңғайлы болу үшін екінші қабатқа лифт орнатылды.

Экспозицияны жаңарту жұмысы 10 жыл бұрын – 2011 жылы жасалған. Мұражайдың жалпы сақтау қоры 8 196 экспонатты құрайды.

Өзгелердің жаңалығы