Республиканың бүкіл білім басқармаларына бір ай бойы мониторинг жүргізіледі

1 Маусым 2023, 22:09
787
Бөлісу:
Республиканың бүкіл білім басқармаларына бір ай бойы мониторинг жүргізіледі
Фото: freepik

Өңірлердің білім басқармаларында кешенді мониторинг өтеді. Бұл жайында білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы Ернұр Дәуенов мәлім етті, , деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдардың білім саласындағы қызметін үйлестіру мен әдістемелік басшылықты жүзеге асыру мақсатында 5 маусым мен 5 шілде аралығында білім басқармаларының қызметіне кешенді зерделеу жүргізеді.

Зерделеу тек білім басқармаларының жұмысын қамтиды, сәйкесінше балабақшаларға, мектептерге, колледждерге және басқа да білім беру ұйымдарына бармайды.

Зерделеудің негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің дамуын тежеуші факторларды және үздік өңірлік тәжірибені анықтау. Сондай-ақ зерделеу барысында министрліктің комитеттері мен департаменттерінің мамандары және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетеді. Зерделеу жүргізу үшін өңірлік басқармалар қызметінің барлық бағыттарын қамтитын арнайы өлшемшарттар әзірленді.

Білім басқармаларын зерделеуге мұғалімдер немесе білім беру ұйымдарының басшылары тартылмауы тиіс екенін тағы да еске салғым келеді. Білім беру ұйымдары үшін жазғы демалыс уақыты басталды, мұғалімдер бекітілген кестеге сәйкес кезекті демалысқа шығады. Қорытынды емтихандардан кейін де педагогтердің заңды еңбек демалысына шығуына ешбір кедергі болмауы керек. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті барлық педагогтерге 2022-2023 оқу жылы ішінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтады, - дейді комитет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы