Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 20-шы ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.
ҚР-ның барлық аумағы антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысында циклон жырасының ықпалымен жаңбыр мен көктайғақ құбылыстары мен желдің күшеюі түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстікте көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м /с, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдерінде жел 18-23 м/с күшейеді.