Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді

21 Қараша 2021, 09:43
2010
Бөлісу:
Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 21-ші қарашада болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын «Қазгидромет» РМК жариялады.

Үлкен ылғал қоры бар Атлантикалық циклон өзімен бірге Қазақстанның солтүстік жартысына қар, батыс бөлігіне жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашынмен, тұманмен, батыста көктайғақпен жауын-шашын әкеледі. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Атырау облысында жаяу бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Маңғыстау облысының түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді. 

Ақмола облысының батысында күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Алматы облысында Алакөл көлінің аумағында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 15-20, екпіні 23 м/с. 

Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында жел 15-20, екпіні 23-25 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының түнде және таңертең таулы аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында, күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.



Өзгелердің жаңалығы