Республиканың басым бөлігінде жел екпіні күшейеді

14 Қаңтар 2022, 08:00
957
Бөлісу:
Республиканың басым бөлігінде жел екпіні күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 14-ші қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, қар жауып, еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ,  жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын, батысында, солтсүтігінде тұман күтіледі. Атырау облысының батысында, оңтүстігіде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, күндіз орталығында желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау және таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, күндіз батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысының шығысында, түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде  тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы