Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігіне аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Оған Моңғолиядан келген антициклон ықпал етеді. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста, оңтүстік циклонның әсерінен қар жауады.
Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Жел күшейеді. Республиканың орталық аймақтарында жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.
Оқи отырыңыз: