Республиканың 4 қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі

<h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 желтоқсан, сәрсенбі күні еліміздің 4 қаласында ауа сапасы ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.<br> </h4>

16 Желтоқсан 2020 2020, 08:43
АВТОР
 16 Желтоқсан 2020 2020, 08:43
16 Желтоқсан 2020 2020, 08:43
1607

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 желтоқсан, сәрсенбі күні еліміздің 4 қаласында ауа сапасы ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ауа сапасы ластануы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Наверх