Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыкалық фестивалі басталды

1 Желтоқсан 2022, 21:08
1329
Бөлісу:
Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыкалық фестивалі басталды

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің шаңырағы астында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы оркестрі ұйымдастырған Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыкалық фестивалі шымылдығын түрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көпті елең еткізген байқауға Қазақстанның әр өңірінен жиналған 16 мен 35 жас аралығындағы шертпе күй дәстүрін меңгерген 45-ке жуық талантты домбырашылар жиналды. Фестиваль аясында Алматы қаласында «шертпе» дәстүріндегі  орындаушылардың қатысуымен «Домбыра» номинациясында шертпе дәстүріндегі үздік орындаушыларды анықтайтын конкурс өтеді.

Ұлы дала төрінен орын алған ұлтымыздың дәстүрлі күй өнерін дәріптеуді  мұрат тұтатын бұл  шара  еліміздің мәдени өміріндегі айшықты оқиғалардың бірі  болары сөзсіз.

Байқау 2 турдан тұрады, қатысушылар дәстүрлі «шертпе» мектебі өкілдерінің 5 шығармасын және қатысушының таңдауы бойынша қазіргі заманғы композитордың бір күйін орындайды.

Қатысушылардың өнер көрсетуін бағалау, сондай-ақ қорытындылар шығару және жеңімпаздарды айқындау үшін дәстүрлі өнер саласындағы қайраткерлерден қазылар алқасының құрамы бекітілген. Атап айтқанда: Жанғали Жүзбай, Секен Тұрысбеков, Біләл Ысқақ, Мұрат Әбуғазы, Батыржан Мықтыбаев.
Конкурс екі турдан тұрады. 3 желтоқсан күні финал және жеңімпаздар мен дипломанттарды марапаттау рәсімі өтеді.

Өзгелердің жаңалығы