Республикалық маңызы бар жолдарды қысқа дайындау жалғасып жатыр

30 Қыркүйек 2022, 15:40
1020
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар жолдарды қысқа дайындау жалғасып жатыр

Республикалық маңызы бар жолдарды қыс мезгіліне дайындау ісі жалғасуда. Бұл жөнінде жауапты ұлттық компания мәлімдеп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл жолдарды қардан тазарту үшін қосымша техника да сатып алынып, олардың саны 2 мыңға жетті. 600 техника жалға алынады дейді компания өкілдері. Жанар-жағармай мәселесіне келер болсақ, қыс мезгіліне 4,5 мың тонна дизельдік отын қажет. Әзірге тек 400 тонна сатып алыныпты. Жалпы Қазақстанда республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жол болса, соның 3 мыңға жуығын жиі қар басады. Биыл бұл учаскелер ерекше бақылауда болады, деп жауаптылар сендіріп отыр. Бұдан бөлек көк тайғақпен күрес үшін тиісті көлемде инертті материалдар алынған.

Инертті материал тұзды алатын болсақ, химреагент деп айтады. Химреагент өзіне келетін болсақ 1200 тонна мәселен. Қазір химреагенттердің қатарында айсмикс деген жақсы реагент бар. Ол былтырлары өзін жақсы көрсетті, сондықтан көбірек биыл да айсмиксті қолданамыз, – деді "Қазавтожол" Ұлттық компаниясы" АҚ ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

1403 call-орталығы жұмыс істейді.

Айта кету керек, қар құрсауында қалған көлік иелері төтенше жағдайлар қызметінен бөлек ұлттық компанияның 1403 кол орталығына да хабарласа алады. Биыл 9 ай ішінде операторлар 150 мың өтініш қабылдаған екен.

Өзгелердің жаңалығы