Республикалық маңызы бар күре жолдарда патрульдеу жұмыстары күшейтілді

14 Қараша 2022, 12:34
674
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар күре жолдарда патрульдеу жұмыстары күшейтілді

Жолшылар тәулік бойы жолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасын себу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ. KZ.

Қазір республикалық маңызы бар жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 300-ден астам арнайы техника мен 400 жолшы жұмылдырылды. Дәл осы сәтте республикалық маңыздағы жолдар ашық. 

Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, боран мен көктайғақ күтілуде. Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. 

Осыған байланысты, автокөлік иелерін көлік жүргізгенде өте мұқият болуларын сұраймыз: жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтау маңызды. Ал республикалық жолдарда штаттан тыс жағдай туындаса көлік жүргізушілері 1403 қысқа нөмірі бойынша “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясының тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына жүгіне алады.

Өзгелердің жаңалығы