Республикалық маңызы бар күре жолдар ашық

21 Қараша 2022, 11:20
1272
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар күре жолдар ашық

Өткен демалыс күндері республикалық маңызы бар автожолдарды өңдеу барысында жолшылар 1000 м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін республикалық тасжолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 312 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Олардың қатарында автогрейдерлер, шнекороторлар, қар тазалайтын жабдықтармен қамтылған тиегіштер, тракторлар және т.б. бар. Сондай-ақ, аталмыш жұмыстарға 450 жолшы-маман тартылды. 

Сонымен қатар, демалыс күндері ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығының (1403 қысқа нөмірі арқылы хабарласуға болады) қызметкерлері республикалық автожол пайдаланушыларынан келіп түскен 1500-ден астам қоңырау өңдеді. 

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары штаттық режимде жалғасуда. 

Республикалық маңыздағы тасжолдар ашық.

Өзгелердің жаңалығы