Республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түріне қозғалыс жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір облыстарға ауа райына байланысты жол жабық.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 08:36
Бүгiн 2026, 08:36
229
Фото: depositphotos.com

"ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарының келесі  учаскелерінде  барлық көлік түрлеріне қозғалыс жабық, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы:

- Қостанай облысының шекарасы — СҚО шекарасы;

- Қостанай облысының шекарасы — Сұрған ауылы;

- Балкашин ауылы — Атбасар қаласы;

- Астрахан ауылы – Атбасар қаласы;

- Жақсы ауылы – Бұзылық ауылы.

Қостанай облысы:

- Октябрьский кенті — Ақмола облысының шекарасы;

- Арқалық қаласы — Ақмола облысының шекарасы.

Cолтүстік Қазақстан облысы:

- Ақмола облысы шекарасынан Достық ауылына дейін.

Жолды 2026 жылғы 10 наурызда сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Қазақстан ТЖМ ескертеді! 

Елдегі ауа райының нашарлауына байланысты келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

дауыл туралы ескертулерді қадағалау;

жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру; 

алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту.   

Наверх