Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 Қараша 2022, 12:30
3057
Бөлісу:
Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары марапатталды
Фото: автордан

Елордадағы Оқушылар сарайында республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Байқаудың негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген шызығушылығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге тарту болып табылады дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің 3-10 сынып оқушылары арасынан 97 мыңнан астам бала қатысқан. Олар 4 санат бойынша бақ сынап, 2 қараша күні ақтық сында сайысқа түсті.

Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары марапатталды

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров қатысушыларды құттықтады.

Республикалық балалар оқуына еліміздің түкпір-түкпірінен сүрінбей өткен жүзден жүйрік қатысушыларымызды байқаудың межесіне жетуімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл байқау кітап оқу мәдениетімен қатар мемлекеттік тілдің жас буын ортасында кең таралуына үлес қосады. Осындай азаматтармен біз Жаңа Қазақстанды және қоғамдағы ізгі құндылықтарды қалыптастырамыз. Алдағы уақытта бүгінгі жеңімпаздарымыздан мықты журналист, әдебиет жанашыры шығады деп сенемін, - деді ол.

Шара барысында, байқау жеңімпаздарына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар номинациялар табыстап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бастауыш сынып мұғалімі Палжан Абдалиева осындай байқаулардың баланың білімге құштарлығын оятып, әрі қарай дамуына мол мүмкіндік ашатынын айтады.

Байқау қазақ ертегілерінің қайта жаңғыруына көп мүмкіндік берді. Біз бұл байқауға Шымкент қаласынан қатысып отырмыз. Оқушым Әмина байқауға қатысу барысында қазақ ертегілерінің бірнеше кітабын, "Алпамыс батыр" жырын толық оқып шықты. Байқауға қатысушылар эссе жазып, тест нәтижелері арқылы анықталды. Бұл да баланың эссе жазу шеберлігін қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын оятуға мүмкіндік береді, - дейді ұстаз.

Өзгелердің жаңалығы