Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық бюджет дефициті өткен жылы 2.2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің алқа отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
Оның айтуынша, алдындағы жылдың займ сомасын өтеуге үш трлн теңге тартылды.
2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 20,6 трлн теңгені құрап отыр. Бұл белгіленген норманың 50 пайызынан аспайды. Қарыз сомасының 80 пайызын мемлекеттік қарыз құрайды. Ол 16, 7 трлн теңге, - деді министр.
Сонымен қатар министр өткен жылдың кірістері мен шығыстарына тоқталды.
Мемлекетке бюджетке 9 трлн 751 млрд кіріс кірді. Жоспар 102, 7 процентке орындалды. 2019 жылмен салыстырғанда өсім 62,7 млрд теңгені құрады. Республикалық бюджетке 6 трлн 561 млрд теңге көлемінде кіріс түсті. Жоспар 22 млрд теңгеге, салықтар 16 млрд теңгеге асыра орындалды.
Мемлекеттік бюджет шығыстары 98, 2 пайызға, республикалық бюджет шығыстары 98,3 пайызға, жергілікті бюджеттер шығыстары 99,1 пайызға атқарылды, - деді ол.
Республикалық бюджет бойынша, 14 трлн 234 млрд теңге шығыс жүргізілген. Атқарылмаған сома 241 млдр теңге. Оның ішінде 224 млрд Үкімет резерві бойынша үнемделген ақша және өзге де үнемдеу болса, 15 млрд игерілмеген.
Оқи отырыңыз: