Нұл-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалаларында айтылған ұсыныстарды қолдап, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен іске асырылып жатқан жалпыреспубликалық "Музейлер шеруі" акциясы кезекті рет көрерменге жол тартады.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Музейлер шеруі" акциясы – қазақстандықтардың мәдени рухани тұрғыда танымын байытуға, сонымен қатар, қазақ халқының тарихы мен өнерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Республика бойынша өтетін аталмыш шараға отандық 30 музей қатысады деп күтілуде.
Сондай-ақ, осы жылдың 29 қарашасында Тұңғыш президент күнін атап өту қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Шафердің музей-үйі музей акциясын өткізеді.