Республикада жиырмадан астам бала коронавирусқа шалдыққан

15 Шілде 2022, 13:05
885
Бөлісу:
Республикада жиырмадан астам бала коронавирусқа шалдыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.  

Айтуынша, сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен.

Биыл 15 шілдедегі жағдай бойынша республикада коронавирус бойынша стационарлық көмекті 139 жұқпалы аурулар ауруханасы көрсетеді. Олардың  қуаты 3282 төсекті құрайды. Қазіргі кезде 570 пациент емдеуге жатқызылды. Төсектердің 20%-ы, яғни 2 817 төсектің 570-і бос емес, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігер. 

Сонымен қатар стационарларда емделіп жатқан пациенттерге талдау жүргізілгеніне тоқталды. 

Мысалы, коронавируспен  стационарда емделіп жатқан пациенттер ішінде 18 жасқа дейінгі балалар – 41,7%, оның ішінде 1 жасқа дейін – 23 бала. Ересек пациенттер 58,3%-ды құрады. Науқастардың 23%-ның, соның ішінде ересектердің 40 %-да қосарласқан аурулары бар. Вирустың өршуіне қарамастан, реанимациялық төсектердің жүктемесі 4%-ды құрады, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы