Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір республикалық маңызы бар трассаларды 600 бірлік арнайы техника тазалап жатыр. Олардың қатарында арнайы жол тазалайтын көліктер, тиегіштер, автогрейдерлер, самосвалдар мен тракторлар бар.
Арнайы техника мереке күндері ауа-райы қолайсыз болған өңірлерде көбірек тартылды. 1300-ге жуық жол жұмысшысы жолда жұмыс істеп жатыр.Сонымен бірге көктайғақты алдын алу үшін шамамен 4 мың тонна құм-тұз қоспасы себілді, - делінген «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, биылғы 19-24 наурыз аралығында еліміздің республикалық маңызы бар жолдарында қозғалыс 86 рет шектелді.