Республика күнін БҚО тұрғындары қалай атап өтті?

25 Қазан 2022, 21:26
1904
Бөлісу:
Республика күнін БҚО тұрғындары қалай атап өтті?
PHOTO

Араға жылдар салып ұлттық мереке боп оралған Республика күні БҚО-да кең көлемде атап өтілді. Облыста бір аптаның ішінде екі жүзге жуық іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 

Алаңда жастарға жеке куәліктері салтанатпен табысталды

 

Бүгін еліміздің барлық қаласымен бір уақытта Орал қаласында да көк байрақ көкке көтеріліп, Әнұран шырқалды. Бұл рәсім Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы алаңда өтті. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев облыс халқын құттықтады.

Баршаңызды - ұлттық мереке Республика күнімен құттықтаймын! Болашаққа және егемендігімізді нығайтуға жасалған әр қадамдарыңыз сәтті болсын. Жас мемлекетіміздің болашағы айқын, мақсаты анық. Сол мақсатқа жету үшін жұмыла жұмыс жасауымыз қажет. Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! - деді Ғ.Есқалиев.

Республика күнін БҚО тұрғындары қалай атап өтті?

Алаңда БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Достық» клубының жетекшісі Талғат Чудобаев, «Cinema Park» кинотеатрының директоры Дилара Мұхамбетова, Орал қаласының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев Қазақсан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 

Республика күнін БҚО тұрғындары қалай атап өтті?

Іс-шарада 16 жасқа толған бір топ оралдық жасқа жеке куәліктері салтанатпен табысталды. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.

 

Жаңа мектеп ашылды

Бәйтерек ауданының Щапово ауылында Бауыржан Момышұлы атындағы 420 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Республика күнін БҚО тұрғындары қалай атап өтті?

Осыған дейін бұл мектептің оқушылары 1974 жылғы салынған 120 орынға арналған ғимаратта білім алып келді. Қазір мектепте 2 ауысымда 435 оқушы оқуда. Көршілес Жаңатаң ауылынан 41 бала қатынап оқиды.

Республика күнін БҚО тұрғындары қалай атап өтті?

Жаңа мектеп толықтай жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Смарт класс, кең акт залы, спорт залы, асхана, шеберханалары бар. Мектеп ауласында бірнеше спорт алаңдары орналастырылған. 

Республика күнін БҚО тұрғындары қалай атап өтті?

Мектеп ұжымы оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізумен қатар, “Бауыржантану”, “Цифрлы мұғалім”, “Домбыра party”, “STEAM”, “Эко мектеп”, “Оқуға құштар мектеп”, Дебат “Ақиқат” жобаларымен жұмыстануда. Республикалық Бауыржан Момышұлы атындағы мектептермен желілік байланыстар орнатқан.

Жаңа мектепті салуға 1 млрд.191 млн теңге қаражат жұмсалды. 

 

Жаңа пәтерлердің кілті табысталды

Орал қаласында мереке қарсаңында 52 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындарға пәтер кілттерін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов табыстады.

Бұл үй апатты және тозығы жеткен үйлердің орнына «Реновация» бағдарламасы арқылы салынған жаңа құрылыс. Бұл бағдарлама арқылы жалпы 145 пәтері бар 28 апатты үй бұзылып, орнына 10 жаңа үй салынуда. 

Қоныстой иелерін қала әкімі Республика күнімен құттықтап, жаңа үйдегі 52 пәтердің 12-сі үйі апатты деп танылған отбасыларға берілгенін атап өтті. 

Сондай-ақ Есқалиев көшесі, 149 мекенжайында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде салынған 4 қабатты үй пайдалануға берілді. 52 пәтердің кілттері иелеріне табысталды. Бұл үй де реновация бағдарламасы нәтижесінде бұрын апаттық жағдайдағы үйдің орнына салынды. Жалпы ауданы 3 476 шаршы метрлік ғимаратты салуға жыл жарым уақыт өтті. 

Республика күнін БҚО тұрғындары қалай атап өтті?

2021-2025 жылдары Орал қаласындағы тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы арқылы салынған бұл үйдегі қоныстой иелерінің қуанышымен Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов бөлісті.

Айта кету керек, бұл бағдарлама аясында 2025 жылға дейін құрылыс жалғасады.

 

Танымдық, мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды

Бүгін, 25 қазан күні Республика күні мерекесі Орал қаласында кең көлемде аталып өтілді. Қалада дәл мереке күні танымдық, мәдени-спорттық бағыттағы 30-ға жуық іс-шара ұйымдастырды.

Қалада бірнеше аула кешенді абаттандырудан кейін ашылды. Әбілхайыр хан даңғылы мен Сырым Датұлы көшесі қиылысындағы «Жасыл желек жолы» бульвары салтанатпен ашылды. Мерекеге орай тақырыптық сурет көрмелері, спорттық және мәдени фестивальдар, республика күні мерекесінің маңызы туралы танымдық сағаттар, интеллектуалды ойындар, акциялар өткізілді.

Республика күнін БҚО тұрғындары қалай атап өтті?

Қалалық мәдениет және демалыс саябағында мерекеге орай жеңіл атлетикалық көпшілік жүгіру өтті. Көпшілік жүгіруге 500-ден аса адам қатысты. Қатысушылар үш, 10.5 және 21.1 шақырым қашықтыққа жүгірді. Барлық қатысушыларға медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Кешке қарай оралдықтар мен қала қонақтары Тұңғыш Президент атындағы алаңда Республика күніне орай мерекелік концерт және отшашуды тамашалады.

Өзгелердің жаңалығы