Республика күні құрметіне қобызшы қыз көкте қалықтап күй тартты

22 Қазан 2023, 19:35
573
Бөлісу:
Республика күні құрметіне қобызшы қыз көкте қалықтап күй тартты
Фото: Видео скрин

Қобызшы қазақ қызы Ләйлә Тәжібаева Республика күніне ерекше сыйлық жасады, деп жазады BAQ.KZ.

Біз парашютпен секіріп қобызда ойнау арқылы Гиннестің рекордтар кітабына енгіміз келеді. Бұл жаңа тәжірибе. Менің ойымша, парашютпен секіріп көрген адамға бәрі оңай болып көрінеді, – деді қобызшы қыз бейнежазбада.

Бейнежазбадан желбіреген көк байрағымызды да байқауға болады.

Ләйлә Тәжібаева көкте қалықтап келе жатып Ықылас Дүкенұлының «Жез киік» күйін орындаған. Қобызшы қызға сүйсінген желі қолданушылары оның әрекетіне «өте тамаша сый» деп баға берді.

Өзгелердің жаңалығы