Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Республика аумағында қандай жаңа автожол жобалары қолға алынады?

17 Қазан 2022, 11:54
1131
Бөлісу:

Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, үш жаңа жоба жобалану үстінде.  

Атап айтқанда: Орал қаласын оңтүстік-батыс айналып өту арқылы «Атырау - Орал» жобасы – 521 шақырымда (13 учаске), «Жезқазған - Қарағанды» - 513 шақырымда (12 учаске), «Ақтөбе - Ұлғайсын» - 262 шақырымда (7 учаске).  2024 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау арқылы жобалау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, - деп атап өтті министр. 

Сонымен қатар Ұлттық стандартқа сәйкес, жол бойындағы қызмет көрсету нысандары қызмет көрсету санатына қарай жол бойында орналасуы тиістігін атап өтті. 

Ондағы әрбір 50 шақырым Д санатына жататын нысандар. Бұл дегеніміз: жанар-жағармай құю станциялары, санитарлық-гигиеналық тораптар, бөлшек сауда нысандары. Ал әрбір 250 шақырым – А санаттағы нысандар, яғни барлық қызмет түрлерін көздейтін нысандар орналастырылады. Республикалық желі бойындағы қызмет көрсету нысандарының саны кемінде 1 900 нысан болуы тиіс, - деді ведомство басшысы. 

Айта кететін жайт, бүгінгі күні республикалық желі бойында 1 701 қызмет көрсету нысаны орналасқан. Оның 69%-ы нормативтік жағдайға тиесілі. 

Өзгелердің жаңалығы