Respublica партиясының депутаттары мен мүшелері бір учаскеде дауыс берді

6 Қазан 2024, 10:08
346
Бөлісу:
Respublica партиясының депутаттары мен мүшелері бір учаскеде дауыс берді
Фото: автордан

Елордада орналасқан №66 мектепте жұмыс істеп тұрған №165 референдум учаскесіне Айдарбек Қожаназаров бастаған бір топ депутат келіп дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Respublica партиясының депутаттары, Динара Шүкіжанова, тіркелген депутаттар - барлығымыз Астанада жиналып, әдейі бір референдум учаскесіне тіркеліп, бірге барып дауыс беруге келістік. Өздеріңіз көргендей, жаңа дауыс бердік, - деді ол.

Respublica партиясының депутаттары мен мүшелері бір учаскеде дауыс берді

Қожаназаров бүгінгі күннің не маңызы бар екенін айтты.

Біз басқа партияларға қарағанда кәсіпкерлікті, оған ынтаны халық арасында дамытуға үлес қосып жатырмыз. Оны Парламент қабырғасында да, қоғамдық жұмысымызда да көрсетіп жүрміз. Сондықтан кәсіпкерлік бастамалар электр қуатынсыз дамымайды. Өткен айда оңтүстік өңірлерде болдық. Онда қаншама кәсіпкер өздерінің жылыжайларын ашқысы келіп, бірі үлкейткісі келіп жатыр. Бірақ оған электр қуаты жетіспейді. Соңында неге бізде қызанақ, қияр қымбат деген сұраққа келіп ораламыз. Оның бәрі электр энергиясына келіп тіреледі. Осының бәрін көріп отырғандықтан, біз электр қуатының жаңа көзін қолдауға келдік, - деп айтты депутат.

Өзгелердің жаңалығы