Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.
Бүгінде азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен нығаюына заңнамалық негіз қаланып, мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.
Республикада үкіметтік емес ұйымдар 22 мыңға дейін артты. Кез келген мемлекет – әлеуметтік-маңызды түйіткілдерді шешуде сенімді серіктестікті қажет етеді. Бұл орайда, қоғамның түрлі саласындағы мәселелерді іштен білетін ҮЕҰ-ға артылар сенім зор. Сондықтан ҮЕҰ белсенділігі – біз үшін қашанда үлкен маңызға ие, - деді ол орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ Мадияр Қожахмет Президент Жолдауындағы мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жол ашуға бағытталған шаралар туралы қысқаша айтып өтті.
Азаматтық қоғам ұйымдарының қызметі үшін құқықтық негіздер құрылып, заңнама жетілдірілуде. Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжілісте қаралуда. Оның аясында біз стратегиялық әріптестікті заңнамалық түрде бекітуді және енгізуді жоспарлап отырмыз, онда ірі ҮЕҰ ұзақ мерзімді негізде қоғамдық маңызды басымдықтарды жүзеге асыру бойынша мемлекеттің стратегиялық әріптесі бола алады. Бұл тетік ҮЕҰ әлеуетін және тұрақты дамуын айтарлықтай арттырады, - деді ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.
Оның атап өтуінше, гранттық қаржыландыруды жетілдіру жоспарлануда, ол жұртшылықтың кең қатысуымен гранттық жобаларды қалыптастыру тетігін енгізуді, бағыттар бойынша гранттық жобаларының бюджетін жоспарлауды көздейді.
Гранттық тақырыптарды іріктеудің тиісті тетігін қамтамасыз етуге, қаржыландыруды реттеуге және әкімшілендіру процестерін жақсартуға мүмкіндік беретін қаржыландырудың түрлері, мерзімдері, көлемдері бойынша градуирленген гранттарды жүргізуді қарастырамыз, - деді М.Қожахмет.