Ресейлік және беларусьтік теннисшілер командалық турнирлерден шеттетілді

10 Мамыр 2022, 11:44
1300
Бөлісу:
Ресейлік және беларусьтік теннисшілер командалық турнирлерден шеттетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Ресей мен Беларусь теннис федерацияларының ұйымдағы мүшелігін уақытқа тоқтатты.

Бұл туралы ITF ресми сайтында хабарлады.

Ресей мен Беларусь құрамалары халықаралық командалық жарыстарға қатыса алмайды. Дегенмен теннисшілерге жекелей жарыстарға ұлттық гимн, тусыз қатысуына рұқсат берілген. 

Наурыздың басында ITF Украинадағы жағдайға байланысты Ресей мен Беларусьтағы барлық турнирді өткізбей қойған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы