Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров өзіне жабылған жалаға қатысты жарияланымдарға жауап берді.
Мен олар көрсетуге тырысқан адам емеспін. Бұрынғы барлық лауазымымда ресейлік және басқа серіктестермен жемісті жұмыс жүргізуге тырыстым. Бірлескен игі жобаларды, соның ішінде Жеңіс күні сияқты және басқа да ортақ жобаларды жүргіздік. Мен Ресеймен одақтастық қарым-қатынастың біз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Ресей Федерациясының елімізге көрсеткен қолдауы құрмет пен ризашылықты тудырады, - деді министр.
Асқар Омаров толеранттылық пен халықтар достығы, Қазақстан халқының бірлігі және көршілермен бауырластық қарым-қатынас қағидаттарын ұстанатынын тағы бір мәрте еске сала кетті.
Біз ресейлік және басқа БАҚ-пен жақсы синергия құруды жоспарлап отырмыз, олармен пайдалы тәжірибе алмаса аламыз, - деп айтты жаңа Ақпарат министр.
Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Асқар Омаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін аталған министрлікте вице-министр қызметін атқарды.