Ресейлік тіркеудегі көлік мәселелері бойынша Call-орталықтар ашылды

11 Қараша 2021, 09:03
1596
Бөлісу:
Ресейлік тіркеудегі көлік мәселелері бойынша Call-орталықтар ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде шетелде тіркелген автомобильдерді пайдалану мәселелері бойынша call-орталықтар ашты.

Ведомство Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу туралы мәселенің маңыздылығына, сондай-ақ азаматтарға министрліктің есептік деректерінен өз көліктерінің Ресей Федерациясында тіркелгенін тексеру ыңғайлы болуы үшін байланыс телефондарын құрды.

Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.

 

Ресейде тіркелген автокөліктердің мәселелері бойынша азаматтар тарапынан өтініштердің көп болуын ескере отырып, ішкі істер министрлігі сенімді ақпаратты жедел ұсыну үшін ел аумағында call-орталықтар ашты, – делінген министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында.
 

 


 

Өзгелердің жаңалығы