Ресейлік шоттан миллиондар ұрлаған күдікті Ақтөбе облысында ұсталды 

24 Қыркүйек 2019, 15:25
1823
Бөлісу:
Ресейлік шоттан миллиондар ұрлаған күдікті Ақтөбе облысында ұсталды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күдікті Ресей салымшыларының 160 миллион рублін алып, Алға қаласына тығылған, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

59 жастағы күдіктіні Ресейдің Ішкі істер министрлігі іздеді. Күдікті Челябі облысы Магнитогорск қаласындағы «УралСИБ» ААҚ салымшыларының шотындағы 155 миллион рубльді, кейін 5 миллион рубльді алып кеткен. Халықаралық іздеу жарияланып, күдікті Алға қаласынан табылды.

«Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды, кейін Ресей полициясына береміз. Жалпы «Іздеу» алдын алу шарасы кезінде қылмыстық іске қатысы бар 14 адам ұсталды. Олардың бесеуі ТМД елдері аумағында іздеуде жүр. Сонымен қатар бұрын із-түзсіз жоғалды деп хабарланған 8 адам анықталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы