Ресейлік композитор марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады

31 Мамыр 2024, 12:49
928
Бөлісу:
Ресейлік композитор марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады
VIDEO
Фото: instagram.com/aitym

Ресейлік композитор Максим Фадеев Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресейлік композитор және продюсер Максим Фадеев Салтанат Нүкенованың құрметіне жазылған Salta атты әнінің толық нұсқасын жария етті.

Сіздердің көкейлеріңізде бір сұрақ тұрған шығар: мен дәл осы әнді не себепті жаздым және не себепті оны бір адамға арнадым? Қазақстанда болған жағдай, Салта есімді бойжеткеннің өлімі маған қатты әсер етті. Мен жай ғана үнсіз отыра алмадым. Оның есімі музыкада болса да, әрі қарай өмір сүрсінші деп шештім. Бұдан былай ешкім оған тиісе алмасын деп, осы мелодияны оған арнадым, - деді Фадеев.

Фадеев бұл ән әр адамға өмірдің құндылығы туралы ой салатынына үміттенетінін айтты.

Еске салсақ, былтырғы жылдың қараша айында экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп күдікке ілінді. Тергеу амалдары наурыз айына дейін жалғасты. Ал сот отырыстары наурыздан мамыр айына дейін болды. 13 мамырда атышулы іс бойынша үкім шығарылды. Нәтижесінде экс-министр 24 жылға, ал оның інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Өзгелердің жаңалығы