«Ресейге дайындап жатырмыз ба?». Қоғам белсендісі әлем әдебиетін енгізуді ұсынды

14 Қыркүйек 2023, 14:46
1690
Бөлісу:
«Ресейге дайындап жатырмыз ба?». Қоғам белсендісі әлем әдебиетін енгізуді ұсынды
VIDEO
Фото: instagram.com/togjan_qojaly

Қоғам қайраткері Тоғжан Қожалы «орыс әдебиеті» пәнін «әлем әдебиеті» деп өзгерту керек деп ұсыныс жасап жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол тек пәннің атауын өзгертпей, пәннің ішінен орыс әдебиеті туралы мағлұматтарды азайтып, әлем әдебиеті туралы деректі көбейту қажет дейді. Сөзінше, қазақ және орыс сыныптарындағы «тіл жайлы» пәндерде айтарлықтай айырмашылық бар.

Елімізде екі тілде екі бағдарлама оқытылады. Қоғам белсендісі сонда орыс сыныптарының баласын «Ресейге дайындап жатырмыз ба?» деп мәлімдеме жасады. Айтуынша, орыс тілі мен әдебиеті сағаттары қазақ тілі мен әдебиетінен қарағанда көп.

Балаңыз орыстілді сыныпта оқыса «қазақ тілі» сабағы 1358 сағат, ағылшын тілі 850 сағат, орыс тілі мен әдебиеті 5460 сағат. Міне, 11 жылы ішінде осындай бағдарламада оқиды. Өкініштісі әлем елдерінің арасына енеміз деп жүрсек те неге ағылшын тілі 850 сағат? Біздің ұсынысымыз бойынша тіл білімі бойынша сабақ екі тілге де бірдей болуы керек, - деді Тоғжан Қожалы.

Өзгелердің жаңалығы