Ресейдің паралимпиада құрамасы еліне қайтарылды

10 Наурыз 2022, 00:15
1620
Бөлісу:
Ресейдің паралимпиада құрамасы еліне қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің паралимпиада құрамасы жарысқа мүлде жіберілмей, еліне қайтарылды, деп хабарлайды 24.kz.

Халықаралық паралимпиадалық комитет Ресей мен Беларусь спортшыларын бастапқыда бейтарап статуста қатыстырып, жалпы медальдық есепке қоспайтынын жеткізген. Кейін комитет Ресей спортшыларын мүлде жарысқа жібермей, еліне кері қайтару туралы шешімге келді.

Енді халықаралық ұйым бас ассамблеяның кезектен тыс жинын өткізіп, Ресей мен Беларусь федерацияларын мүшеліктен шығару мәселесін талқылауды жоспарлап отыр.

Бұған қоса халықаралық паралимпиадалық комитет Ресей мен Беларусь елдерінде ешқандай шара ұйымдастырмайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін футбол, бокс, теннис, шахмат және басқа да спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар Ресей және Беларусь спортшыларын жарыстардан шеттетіп, аталған елдерде бәсеке өткізбейтінін мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы