Ресейден көлік алғанда нені ескеру керек?

18 Қазан 2021, 14:57
50375
Бөлісу:
Ресейден көлік алғанда нені ескеру керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ІІМ-нің брифингінде айтты.

Тамыз айынан бастап Ішкі істер министрлігі мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, 7 шекаралық пунктте Ресейден келген көліктерді тексеру жұмыстарын жүргізді. Барлығы 8 мың көлік тексерілді. Автокөліктерді тіркеу ІІМ мен мемлекеттік кірістер органы және Ресейдің федералды кеден қызметімен бірлесіп жүзеге асырылады, - деді Түсіпов.

Ол атағандай, осы тамыз айында сондай жағдай тіркелген.

Тамыз айында бір ресейлік көлік анықталды. Оған сотпен 100-ге жуық шектеу салынған. Оны тіркеуге де қоюға болмайды. Сот талабы орындалмайынша көлікті тіркеуден шығаруға да, қоюға да рұқсат жоқ, - деді ол.

Түсіпов атап өткендей, осындай жағдай ескі көліктермен қоса жаңа автокөліктерде де кездесуі мүмкін.

Өткен айда 2020 жылы шыққан Camry көлігі анықталды. Оған сотпен 20-ға жуық шектеу қойылған. Бұл көліктерді арыз түсірген адамның атына өндіріп беру ықтималдығы жоғары. Екі ай ішінде осы іспетті 100-ге жуық көлік анықталды,- деді Түсіпов.

Ол атағандай, жүргізушілерге БҰҰ-ның жол қозғалысы туралы конвенциясының талаптарын сақтау керектігін ескерген жөн.

Конвенция бойынша сырттан әкелінген көліктер Қазақстан аумағында тіркеусіз бір жыл ғана жүре алады. Бұл уақыт біткенде олар ел аумағынан сыртқа шығарылуы керек. Егер ол талап орындалмаса, көлік иесіне әкімшілік шара қолданылады, - дейді ол.


Өзгелердің жаңалығы