Ресейден кеткен неміс компаниялары Қазақстанда орныға алады – Герлинда Хекманн

11 Қыркүйек 2023, 16:53
1109
Бөлісу:
Ресейден кеткен неміс компаниялары Қазақстанда орныға алады – Герлинда Хекманн
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Қазақ-герман бизнес форумында Германияның Федералды экономика және климатты қорғау министрлігінің Сыртқы экономикалық ілгерілету және қаржыландыру бөлімінің бастығы Герлинда Хекманн айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда жұмыс істеп жатқан неміс компанияларының саны артып келеді. Әрине, қазіргі қиындықтарды да ескеру керек. Атап айтсақ, Украинаға қарсы халықаралық құқықты бұзған бейбіт тұрғындар мен ұлттық экономика үшін ауыр зардаптары бар Ресей агрессиясы сезіледі. Ресейден кеткен неміс компаниялары Қазақстанда орныға алады. Бұл – Ресейге қарсы санкциялар тәртібін бекіту іс-шаралары. Сіздерге оңай емес екенін білеміз, қабылдаған шараларыңызға ризашылық білдіреміз, - деді ол өз сөзінде.

Ресейден кеткен неміс компаниялары Қазақстанда орныға алады – Герлинда Хекманн

Герлинда Хекманн екі ел арасындағы қарым-қатынаста Қазақстан әлемдік нарықта маңызды ойыншыға айналу үшін қандай қадамдар жасау қажет екенін атап өтті.

Әртүрлі салалардағы инвестицияларды басқару үшін біз Германияда нарық шарттарын жасап, бейімдеуге дайынбыз. Қазақстан экономикасының, біздің ойымызша, әлемдік декарбонизация нарығында маңызды ойыншыға айналу потенциалы бар. Қазақстан үшін инвестицияға қолайлы жағдай мен тиісті инфрақұрылым жасау маңызды, - деді Хекманн.

Ресейден кеткен неміс компаниялары Қазақстанда орныға алады – Герлинда Хекманн

Германияның Федералды экономика және климатты қорғау министрлігінің Сыртқы экономикалық ілгерілету және қаржыландыру бөлімінің бастығы сөзінің соңында Қазақ-герман диалогы Берлинде жалғасатынына және оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатынына қуанышты екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы