Ресейден келетін ағын су биыл да Батыс Қазақстанға қауіп төндіре ме

14 Ақпан 2025, 17:53
861
Бөлісу:
Ресейден келетін ағын су биыл да Батыс Қазақстанға қауіп төндіре ме
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұған дейін Ресей Федерациясы аумағындағы Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі бүгіннен бастап екі есеге көбейетіні айтылған еді. ТЖМ өкілдері одан келетін қауіптің бар-жоғын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер ТЖМ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әсет Жылқайдаровқа осы мәселеге қатысты сұрақ қойды. Көрші елдегі "Ирикла" су қоймасынан Жайық өзеніне енді секундына 108 текше метр су жіберіле бастайды. 

Бұған дейін 60 текше метр ғана су келіп тұрған. Дәл осылайша судың көбеюі салдарынан былтыр Батыс Қазақстан облысындағы бірқатар елді мекендер тасқыннан зардап шеккен болатын.

Батыс Қазақстан өңірі су басу қаупі жоғары аймақтардың қатарында екені рас. Алайда, судың көбеюі "Ирикла" қоймасынан келетін су көлеміне ғана байланысты емес. Бұған табиғи факторлар, жауын-шашын көлемі де әсер етеді. Алдағы уақытта "Қазгидрометтен"  тиісті болжамдарды алып, бұл мәселе бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіледі, - деді Әсет Жылқайдаров. 

Бұған дейін Қазақстанда қандай өңірлер көктемгі су тасқынынан зардап шегуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы